Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Аумақтық мемлекеттік органдар
 

<< Артқа | ҚР заңынындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша өзгертулер, толықтырулар туралы.

 

ҚР заңынындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша өзгертулер, толықтырулар туралы.

Баянауыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы ҚР заңынындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша, 2016 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгертулер, толықтырулар туралы  аудан тұтынушыларына және жеке кәсіпкерлердің назарына жеткізеді.

1. Шарт жасау кезінде, тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптар   және оларға қысым жасайтын талаптар енгізбеу.

Осындай шарт  жаңа ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңында 1-8 бабында атап көрсетілген.

Шартқа енгізуге болмайтын шарттар болып табылатындар:

·         тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген жағдайда сатушыны (орындаушыны, дайындаушыны) жауапкершіліктен босату немесе оны негізсіз шектеу;

·         сатушы (дайындаушы, орындаушы) шарттық міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тұтынушының құқықтарын болғызбау немесе шектеу;

·         өтеулі тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша сатушы (орындаушы, дайындаушы) қосымша таңған тұтынушылардың міндеттерін белгілеу;

·         өтеулі тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша сатушы (орындаушы, дайындаушы) қосымша таңған тұтынушылардың міндеттерін белгілеу;

·         тұтынушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда оның мөлшерден тыс қомақты (тауар, көрсетілетін қызмет, жұмыс құнының отыз пайызынан астам) соманы төлеуі бойынша талапты белгілеу;

·         сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты өзгерту және бұзу негiздерi мен тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамастан, шартты біржақты тәртіппен өзгерту және (немесе) бұзу құқығын беру;

·         сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты бұзған жағдайда ұсынылмаған тауар (көрсетілмеген қызмет, жұмыс) үшін төленген ақшалай соманы қайтармау құқығын беру;

·         тұтынушыға шартты бұзу құқығын берместен, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) бағаны ұлғайту мүмкіндігін беру;

·         сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) тауардың шарт талаптарына сәйкестігін анықтау құқығын беру немесе оған шартты түсіндіру құқығын беру;

·         сатушының (орындаушының, дайындаушының) өкілдері алған міндеттемелер бойынша оның жауапкершілігін шектеу;

·         егер сатушы (орындаушы, дайындаушы) өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, тұтынушының барлық міндеттемелерді орындау міндетін белгілеу;

·         міндеттемедегі адамдардың ауысуы туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамастан, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шарт бойынша өз құқықтарын және міндеттерін үшінші тұлғаға беру құқығын беру;

·         тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын өзге де талаптар. Егер тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын шарттың талаптарын қолдану нәтижесінде тұтынушыға залал келтірілген болса, кінәлі адам оларды толық көлемде өтеуге тиіс.

2.  Кепілдік мерзім сұрақтары.

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 17 б. 2 т. енгізілген өзгертулер, тауарларды үлгілері бойынша, пошта арқылы, электрондық сауда жолымен сату кезінде, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу кезі мен тауарды тұтынушыға беру кезі сәйкес келмейтін жағдайларда, кепілдік мерзімі не тауардың кемшіліктерін анықтау мерзімі – тауарды тұтынушыға берген (жеткізген) күнінен бастап, ал егер тауар арнайы орнатуды (қосуды) немесе жинауды қажет ететін болса, оны орнату (қосу) немесе жинау күнінен бастап есептеледі.

 

3. Сатып алу фактісін дәлелдеу.

Алдында, тұтынушыда тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттың болмауы оны куәлардың айғақтарына, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттарға және басқа да дәлелдеу құралдарына керек болатын, енді ондай факт фото- және (немесе)   бейнетіркеу бойынша дәлелдесе (ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 18 б.) , Сіз тауарды айырбастауға немесе қайтып беруге міндеттісіз.

4.  Белгілі тауардың қайтару мерзімін ұлғайту.

 2016 жылдың 7 мауысымнан, ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30 б 1-1т. сәйкес, сатушы (дайындаушы) жарамдылық мерзімі өткен соң сатылған, техникалық регламенттерде, өнімдер жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде зияткерлік меншік құқықтары бұзыла отырып шығарылған тауарды оның пайдаланылғанына, тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбаларының, заттаңбаларының сақталуына-сақталмауына қарамастан, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруды немесе сатып алынған тауар үшін ақшалай соманы тұтынушыға қайтара отырып, қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Мысалы, егер сіз жарамдылық мерзімі өткен, немесе өнімдер жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауар алсаңыз, алдында көрсетілген он төрт күннің ішінде емес, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, ол пайдалануда болса да, тауарлық түрін жоғалтса да қайтарылып берілуі тиіс.

5. Тауарды белгіленген баға бойынша сатып алу.

Егер Сіз қойылған тауарды белгіленген бағамен сатып алсаңыз, бір себептермен бағасы өзгерсе, уақытылы бағаның өзгергені туралы  ақпаратты өзгерту керек. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 24 б. тауардың бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарына қойылған, көрсетілген құнына сәйкес сатушы (дайындаушы) сатуға міндетті, ал тұтынушы сатып алуға құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото-, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.

6. Тауарды сараптау.

Егер Сізге сапасыз тауар сатылса және сапасыз тауар сату фактісін анықтау үшін, Сіз тиісті сараптама жасатуыңыз керек.

2016 жылдың 7 мамырдан, тауар сапасын қосымша тексерудің (сараптаманың) құнын сатушы (дайындаушы) төлейді. Егер тауарды тексеру (оның сараптамасы) нәтижесінде тауардың кемшіліктері жоқ екендігі немесе кемшіліктер тұтынушының тауарды пайдаланудың, сақтаудың белгіленген қағидаларын бұзуы немесе үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерінен не еңсерілмейтін күштің салдарынан тауар тұтынушыға берілгеннен кейін пайда болғаны белгіленсе, тұтынушы сатушыға (дайындаушыға) тексеру (сараптама) жүргізуге жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ оны жүргізуге байланысты тауарды тасымалдауға жұмсалған шығыстарды өтеуге міндетті. (ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30 б. 2 т.)

7. ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңына да өзгерістер енгізілді.

ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңының 18 б. 1 т. енгізілген өзгертулерге сәйкес

·          энергиямен жабдықтау ұйымдардың тұтынушыларға электр энергиясын пайдалану бойынша қарызы болса да, энергия беруді тоқтатуға құқысы жоқ.

 

Баянауыл аудандық ТҚҚБ басшысы:                             Т.Н. Ишанова

Аса қауіпті жұқпаның алдын алу.

Йод тапшылығы ауруларының алдын алу

«Тауарды қайтып беру және айырбастау»

КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ.

Аудит бойынша аудан кәсіпкерлеріне ақпарат

Нитратсыз өмір: өз дастарханымызға азық-түлік таңдаймыз

Ботулизм деген не?

ҚР заңынындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша өзгертулер, толықтырулар туралы.

Баянауыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы «Дені сау болып өсеміз» акциясының өту аясында назарларыңызға келесілерді ұсынады.

Менингококкты инфекция

Өткір ішек инфекцияларының алдын-алу.

 

4887733
835

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.