Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Аумақтық мемлекеттік органдар
 

<< Артқа | Менингококкты инфекция

 

Менингококкты инфекция-жедел респираторлы бактериалды қоздырғышы ауа-тамшы механизмімен берілетін, мұрын-жұтқыншақ кілегей қабатының түрінен бастап, іріңді менингококкты сепсиске дейінгі клиникалық түрлерімен  сипатталатын жұқпалы ауру.

Қоздырғышы- менингококк (Neisseria meningitides) менингитпен ауырған адамдардың жұлын сұйықтығынан бөлінген.

Менингококк Neisseria тұқымдастығына, Neisseriacea туыстығына жатады. Менингококк экзотоксин түзбейді, бірақ клетка ыдырағанда өте күшті эндотоксин бөлінеді. Менингококктар қоршаған орта факторларына төзімсіз. Менингококктар қоршаған орта факторларына төзімсіз. Температураның оптималды жағдайын ауытқуы, құрғатылу тез өлтіреді. Сондықтан зерттеу материалы тасмалданғанда бұл жағдайлар ескерілуі қажет. Қолданыстағы дезинфектанттардың бәріне сезімтал.

Антибактериалды препараттарға сезімталдығы жоғары. Соңғы жылдары сульфаниламидтерге төзімділік қалыптысқаны айқын аңғарылады, сондықтан бұл топтағы препараттар қолданылмайды.

Жұқпа көзі - науқас адам және бактерия тасымалдаушы. Аурудың жайылған түрімен ауыратындардың (менингококкты менингит, менингококцемия) үлесі 1-3% (инфекция көзі ретіндегілері.)

Ауру адам айналасы үшін продромалды кезеңнен бастап қауіпті. Қоздырғыштың берілу механизмі - ауа-тамшы жолымен. Қоздырғыш қоршаған ортаға төзімсіз болғандықтан ауа - шаң жолымен, тұрмыс заттарымен беріле алмайды.

Ауруға ең көп шалдыққандар 5 жасқа дейінгі балалар. Олардың үлесіне эпидемия аралық кезеңінде ауырғандардың 80-90% тиеді, ал эпидемия кезеңінде ауруға ересектерде жиірек ұшырайды (30-40% дейін).   Инкубациялық кезең – 3-10 күн.

Жедел назофарингит – ең жиі кездесетін түрі. 1-3 күн дене қызуының аздап көтерілуі мен әлсіздік, жалпы улану белгілері (бас ауруы, бас айналу) болады. Сонымен бірге мұрынның бітелуі, кілегей қабаттарының қызаруы, құрғауы білінеді.

Менингит: ауру жедел басталады. Қалтырау және дене қызуы 38-40º C – қа көтерілуі болады. Ауру жалпы әлсіздікпен, көз алмасының ауырсынуымен, маңдай, самай, сирегірек шүйде аймақтарының ауырсынуымен сипатталады. Ал кішкентай баланың анасы аурудың қай уақытта басталғанына дейін айта алады. Ауру біртіндеп күшейе бастайды. Басының ауырғаны күшейіп, анальгетиктерге басылмайды. Науқастың жағдайы күрт төмендеп, ақыл есі бұзыла бастайды. 10-14 сағаттың ішінде аяқ-қолдарының терісіне жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелер шыға бастайды. Ауыр түрінде геморрагиялық элемент өте үлкен ортасында некроз болады. Көз склерасында, мұрын жұтқыншақтың кілегей қабатына қан құйылулары байқалады. Мұрыннан, асқазаннан, жаттырдан қан кету болады. Науқасты қараған кезде менингеальды симптомдар аңғарылады. Шүйде бұлшықетінің тартылуы, Керниг, Брудзинский симптомы, жарықтан қорқу, гиперестезия дамиды. Науқас көбіне бір қырынан, аяқ-қолдарын жинап («ит тәрізді») жатады.

Ал менингоэнцефалит дамығанда, ауру ауыр ағымда, айқын энцефалиттік көріністермен, жедел менинеалды және жалпы улану белгілерімен сипатталады. Жалпы милық белгілер тез дамиды. Ошақты белгілер – спастикалық геми- және парапарездер дамиды.

Әсіресе ауыр түрлері - менингококкцемияның тез дамитын түрі «найзағай тәрізді» - өте тез басталады, дене қызуы 40-41ºС-ге жетеді, қалтырап дірілдейді, тахикардия, қан қысымы төмендейді, тыныс алу жиілейді, анурия, ДВС-синдромы, ИТШ (инфекциялық-токсикалық шок) дамиды.

Емдеу ұстанымдары: антибактериалды. Менингококктар антибиотиктерге өте сезімтал. Пенициллин, тетрациклин, эритромицин, цефалоспорин (цефазолин, цефамизин, цефтриаксон) және рифампицин тағайындалады. Арнайы донорлық қан плазмасы жақсы нәтиже береді. Патогенетикалық, симптоматикалық, дезинтоксикациялық ем аурудың ауырлығына қарай жүргізіледі. Ауыр түрлерінде глюкокортикостероидты препараттар тағайындалады. Диспансерлік бақылау - невропатологта 3 жыл тұрады.

Алдын алу шаралары. Ұжымдарда, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар ұжымдарында санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтау. Бөлмені жиі-жиі желдету, ылғалды өңдеу, бактероциттік шам қолдану және т.б. қоздырғыштың берілу механизмін әлсіретеді. Ауруға шалдығу деңгейінің артуы байқалғанда бағытталған санитарлық ағарту жұмыстарын жас балалардың аналарымен, жасөспірімдермен, балалар ұжымдарының күтушілерімен, тәрбиешілерімен өткізу, тұрмыста қолданылатын дезинфектанттар, мінез – құлық әрекеттері және т.б. эпидемиологиялық маңызды мәселелер бойынша әңгіме өткізу, санбюллетеньдер шығару.

 

Баянауыл аудандық ТҚҚБ басшысы: Т.Н. Ишанова

Аса қауіпті жұқпаның алдын алу.

Йод тапшылығы ауруларының алдын алу

«Тауарды қайтып беру және айырбастау»

КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ.

Аудит бойынша аудан кәсіпкерлеріне ақпарат

Нитратсыз өмір: өз дастарханымызға азық-түлік таңдаймыз

Ботулизм деген не?

ҚР заңынындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша өзгертулер, толықтырулар туралы.

Баянауыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы «Дені сау болып өсеміз» акциясының өту аясында назарларыңызға келесілерді ұсынады.

Менингококкты инфекция

Өткір ішек инфекцияларының алдын-алу.

 

4904619
5111

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.