Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Аумақтық мемлекеттік органдар
 

<< Артқа | Өткір ішек инфекцияларының алдын-алу.

 

2016 жылдың  6 айында облыс, аудан бойынша да эпидемиологиялық өткір ішек инфекциялары жағдайы тұрақты. Дегенмен, жазғы уақытта өткір ішек инфекцияларымен ауру қауіпі жоғарлайтынын ұмытпаған жөн. Бұған қоршаған ортаның температурасының жоғарлауы, тез бүлінетін азық-түліктердің бүлінуі (сүт, ет, кремді өнімдер), оларды үйде немесе табиғатта дұрыс сақтамау, жуылмаған көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану себеп болады. Адамдар өздерінің саяжай немесе бақшаларында өсірген қияр, қызғанақ, жидектерді жумауға болады деп есептейді.

Табиғатта көккі шығу және кәуап- тамаша жазғы демалыс. Бірақ, бұл жағдай қарапайым жеке бас гигиенасының ережелерін , қуыру, етті сақтау және басқа да тез бүлінетін азық түліктердің температурасын сақтамау- демалысыңызды бұзу мүмкін.

Көбінесе аурухана төсегінде өткір ішек инфекциясымен кішкентай балалар болады. Осыған кінәлі- аналарының гигиеналық сауаттылығының жеткіліксіздігі, тамақтандыру кезінде бала ағзасының жас ерекшеліктерін ескермеу. Кейбіреулер бір жастағы баланы балық консервілерімен,  жартылай сүрленген шұжықпен, кептірілген нан, қурылған жұмыртқамен, апатты жағдайдағы базардан сатып алынған  шикі сүтпен тамақтандыруды  норма деп есептейді. Сонымен қатар, балаларға банан, қарбыз, қауындарды бергенде сыртын аршу  немесе сүрту жеткілікті деп санайды.  Сол тағам үстелдің үстіне келгенше, қаншама жерден өтетінін, салғырт қараудың салдары туралы аналар ойланбайды да.

Жазда тағамнан уланудың алдын алу үшін, әр бір ересек адам температураның жоғарлау әсерінен  қандай азық-түліктер бүлініп және денсаулыққа қауіп төндіретіні  білу қажет.

Тамақ дайындауда сапалы азық-түліктерді пайдалану. Азық- түліктерді  апатты жағдайдағы базардан, кездейсоқ адамдардан, аялдамалардан, дүкендердің алдынан сатып алмау. Барлық азық-түліктерді дайындар алдында мұқият жуу және тазалау. Тағамның қайнауын жеткізіп, жақсылап қуыру. Тағамды ұзақ мерзім  сақтамау, тіпті тоңазытқышта да!

Салат, тәтті нан, кремді торт, десерттерді дайындағаннан кейін сақтамай, жеп қойған дұрыс. Қалдығын лақтырып тастау. Ас үйдегі пышақтарды, үккіштерді, тақтайшаларды жиі жуу.

Таза ас үй сүлгісімен, дұрысырағы қағаз сүлгілерді пайдалану.

Қолдар!

Тағамды дайындағанда, бергенде және тамақ ішер алдында қолды жуу, жуу және жуу керек.

Сондай-ақ, тағамнан улану белгілері білінсе өзін-өзі емдеумен айналыспай, дәрі-дәрмек пайдаланбай, шұғыл түрде дәрігерге көріну керек.

 

Баянауыл аудандық ТҚҚБ басшысы Т.Н. Ишанова

Аса қауіпті жұқпаның алдын алу.

Йод тапшылығы ауруларының алдын алу

«Тауарды қайтып беру және айырбастау»

КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ.

Аудит бойынша аудан кәсіпкерлеріне ақпарат

Нитратсыз өмір: өз дастарханымызға азық-түлік таңдаймыз

Ботулизм деген не?

ҚР заңынындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша өзгертулер, толықтырулар туралы.

Баянауыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы «Дені сау болып өсеміз» акциясының өту аясында назарларыңызға келесілерді ұсынады.

Менингококкты инфекция

Өткір ішек инфекцияларының алдын-алу.

 

4904670
5162

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.