Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Азаматтық қорғаныс және ТЖ
 

<< Артқа | Көкшетау техникалық институты

 

ТҮСУ ШАРТТАРЫ:

Институтқа күндізгі оқу түріне 25 жастан аспаған, оқу жылы басталғанда 16 жасқа толған, жалпы орта, бастапқы кәсіби (техникалық және кәсіби), орта кәсіби (орта білімнен кейін) білімі бар, әскери қызметке және оқуға денсаулығы бойынша жарамды, қабылдау емтихандарын сәтті тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Институтқа күндізгі оқуға азаматтарды қабылдау төрт кезеңде жүзеге асырылады:

·          бірінші кезеңде Институттың мемлекеттік қабылдау комиссиясы ҰБТ немесе АКТ сертификаты балдарымен (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және физика, бейінді пән – математика) сәйкестікке іріктеу арқылы оқуға кандидаттар контингентін қалыптастырады;

·          екінші кезеңде медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу өткізіледі;

·          үшінші кезеңде дене шынықтыру бойынша іріктеу өткізіледі (белтемірде тартылу, 100 метрге жүгіру, 3000 метрге кросс);

·          төртінші кезеңде – мандаттық комиссия курсанттар санына қабылдайды.

Институтқа оқуға азаматтарды іріктеу күндізгі оқу факультетін жасақтау бойынша тапсырысқа сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері, өткізеді

МАМАНДЫҚТАР:

5В100100"Өрт қауіпсіздігі"

5В103100 «Төтенше жағдайларда қорғау»

5В103200 "Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күші"

ОҚУ ТҮРІ:

·          күндізгі оқу

·          сырттай оқу

ОҚУ ҮРДІСІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ:

Факультеттер:

·          күндізгі оқу

·          сырттай оқу, біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау

Кафедралар:

·          жедел-тактикалық пәндер

·          өрттің алдын

·          азаматтық қорғаныс және әскери дайындық

·          төтенше жағдайларда қорғау

·          өрттен-құтқару және дене шынықтыру дайындығы

·          жалпы техникалық пәндер, ақпараттық жүйелер мен технологиялар

·          әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық

Күндізгі оқу түрі бойынша түсу емтихандарын тапсыру кезінде үміткерлер казармалық жағдайда болады, институттағы күн тәртібін және жарғы талаптарын сақтайды.

Күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылданған тұлғалар әскери есептен шығарылып, өртке қарсы қызмет органдарының арнайы есебіне қойылады.

Курсанттарды оқыту, киім-кешегі және тамақтануы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Одан басқа шәкіртақы төленеді: 1-2 курс 4601,22 теңге, 3-4 курс 7963,65 теңге.

Институтты бітіргеннен кейін түлектермен бес жылға келісім-шарт жасалады, оның бір тармағында қызметкердің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан шыққан жағдайда ол бес жыл бойы Институтта оқыған кезде кеткен мемлекет шығындарын төлейді.

Институттың күндізгі бөлімінің толық курсын бітірген тұлғалар үшін, атап айтқанда – 4 жыл оқу мерзімі мерзімді әскери қызметке теңеледі. Бірінші, екінші және үшінші курс курсанттары казармалық жағдайда болады, төртінші курс курсанттары еркін тұрады.

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының пошта мекен-жайы: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 136.

Факс: (87162)25-14-96, қабылдау бөлімі: 25-52-49, кадр жұмыс бөлімі: 25-04-01, кезекші бөлімше: 25-13-36, 25-48-52.

www.kti-tjm.kz

Азаматтық қорғаныс және ТЖ мақалалары

Басшылық

Көкшетау техникалық институты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫ

 

4895586
360

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.