Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Ауылдық аймақтар
 

<< Артқа | Қысқаша ақпарат

 

Ақсаң ауылдық округінің  аумағында  111 зейнеткер, 19-ы   тыл ардагері, 28 алтын алқа, 7 күміс алқа иегерлері  және денсаулығына байланысты әр түрлі топтағы мүгедектер  саны 35 адам , оның  4-уі  мүгедек бала тіркелген.   Барлық  14-29 жас аралығындағы  жастар саны-  198. Оның  ішінде  жоғары  оқу орнында -13, арнаулы орта білім алуда-  27, жұмыс  істейтіндер -98 және  денсаулығына байланысты әр түрлі топтағы мүгедектер-7

Сондай-ақ округте 1 жалпы орта, 1 жалпы негізгі орта  мектеп,  2 шағын орталық, 3 дәрігерлік  пункт , 3 кітапхана , 1 азық-түлік дүкені және  мал сойатын алаң халыққа қызмет көрсетуде.

2016 жылдан бастап   «Өрлеу»  шартты  ақшалай  жобасы  енгізілді.  Округ бойынша   жәрдем ақы  алатын  1- отбасы мал өсіру  мақсатында  алып отыр. 2016 жылға  осы жоба  жоспар бойынша балаларға  жәрдем  алушы  2 отбасы көзделіп отыр.

Округ бойынша 3 дәрігерлік  пункт   елді   мекендерде орналасқан.

Бүгінгі  күні 3 медицина саласының қызметкері   1 жедел жәрдем техникасы тұрғындарға қызмет етуде.

Округ бойынша  49  шаруа   қожалығы  тіркелген, оның  29-ы  мал өсірумен айналысуда.

Көріктендіру және санитарлық жұмыстары жергілікті тұрғындардың және мекемелердің қатысуымен өз дәрежесінде өтіп жатыр. Санитарлық-тазалық  айлықтары басталғаннан бері  әр  апта сайын  сенбіліктер өткізіліп тұрды .

Жеке  тұлғалар  өздеріне  тиісті  жер салығы,  мүлік салығы ,  көлік  құралдарынан  түскен  салық және  төлем  көзінен  салық  салынбайтын  жеке  табыс  салық   түрлері  төленіп отырды.

Ауыл әкімдігінде «Мемлекеттік қызметкерлердің « Әдеп Кодексі» орналастырылған, сенім телефоны бар, мемлекеттік қызметкерлердің әдебін бақылау кітабын қарауға қамтамасыз етілді, ауыл тұрғындарынан ескертулер мен ұсыныстарға арналған жәшік орналастырылған.

Округ бойынша 2  мемлекеттік  қызмет көрсетіледі; атап айтсақ жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру, және  шалғайдағы  ауылдық елді мекендерде тұратын  балаларды жалпы білім беру ұйымдарына   және үйлеріне  тегін тасымалдау.

Биылғы 2016 жылға атқарылатын жұмыстар:

1.   Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттің салық базасын ұлғайту

2.   Ауыл ішіндегі жолдарын тегістеу

3.   Иесіз күл-қоқыс орындарын, үйлердің орындарын реттеу.

«Баянаул ауданы Ақсан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Қысқаша ақпарат

 

4887638
740

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.