Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Ауылдық аймақтар
 

<< Артқа | «Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме

 

«Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме

17.04.2003 ж. тіркелген, мемлекеттік тіркеу № 2450-1945-ГУ
Мекен жайы: Бірлік ауылы
Телефоны: 8 (7182) 98-6-38
Қабылдау күндері: сәрсенбі (апта сайын)

sss1.jpgАханов Сұңқар Нұртайұлы

2015 жылдың 13 тамыз айынан бастап Бірлік ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Аханов Сұңқар Нұртайұлы 1988 жылдың 17 шілдесінде Павлодар облысы  Баянауыл ауданы  Ұзынбұлақ ауылында туған.

Білімі - жоғары, 2009 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – мемлекеттік және жергілікті басқару.

2009-2010 жылдары Алматы қаласының Әуе қорғаныс күштері әскери бөлімшесінде әскери борышын өтеген.

Жалпы еңбек өтілі - 5 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі - 4 жыл.

Еңбек жолын 2009 жылы Қарағанды қаласы Нұра-Сарысу экология департаментінің жүргізушісі болып бастаған.

2011 жылғы қаңтар-мамыр айларында Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімінің есепшісі, 2011-2014 жж. Баянауыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлар жұмысы бөлімінің, ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

2014 жылғы 01 маусымынан бастап 2015 жылғы 14 тамызға дейін Баянауыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.

Үйленген, 2 баласы бар.

Ауылдық округінің әкімі өзінің қызметін 2015  жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарын қолданады. Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады, азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерін нормаларын орындалуына жәрдемдеседі, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі, әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді.

2016 жылға жоспарланған жұмыстар:

1.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттің салық базасын ұлғайту;

2. 2016 жылғы сәуір айында ҰОС қатысушыларға арналған ескерткішке жаңарту жұмыстарын жұргізу.

3.Ауыл ішіндегі жолдарын тегістеу жұмыстары;

4.Ауылға кіреберіс стелланы жаңарту;

5.Ауылда жылу жай ашуға және сүт қабылдау пунктің ашамын деуші кәсіпкерлерге қолдау бағыттырын ұсыну;

6. Ауылды көркейту шенберінде 113 түп ағаш отырғызу;
7. Иессіз күл-қоқыс орындарын, үйлердің орындарын реттеу.

 

Ақсаң ауылдық округі

Бiрлiк ауылдық округі

Баянауыл ауылдық округі

Жаңажол ауылдық округі

Жаңатілек ауылдық округі

Күркелі ауылдық округі

Майқайың кенті

Сәтбаев ауылдық округі

Торайғыр ауылдық округі

Шөптікөл ауылдық округi

Қаратомар ауылдық округі

Қызылтау ауылдық округі

Құндыкөл ауылдық округі

Ұзынбұлақ ауылдық округі

 

4865519
660

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.