Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Ұлттық парк
 

<< Артқа | Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи парк

 

Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи парк 1985 жылы ҚССР Министрліг № 276 қаулысымен құрылған. Баянауыл мемлекеттік парк Баянауыл ауданының аумағында орналасқан, жалпы аумағы 50688га құраған. ҚР Үкіметтін қаулысымен 2007жылы 27желтоқсанда №1305 парк аумағы кенейтілді. Қазіргі кезде БҰМТП 68452,8 га құрайды. Орман және аңшылық комитетінің шешімімен «Қызылтау қорығы» БҰМТП қорғауға бекіттілді, жалпы аумағы 60000га құрайды.

Ұлттық парктің аумағы үш орманшылығына бөлінген.

  • Баянауыл орманшылығы - 19188 га,
  • Жасыбай орманшылығы – 22904га,
  • Далба орманшылығы – 8 596га.
  • Кенейтілген парк аумағы-17764,8 га

Жалпы паркте 108 мемлекеттік инспектор қызмет атқарады.

Рахметов Болат Дүйсенбайұлы 1956 жылдың  24 тамызында Павлодар облысы Баянауыл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келді.

1973 жылы Баянауыл орта мектебін бітіріп, Алматының ауылшаруашылық институтына түсіп, 1978 жылы инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Баянауыл совхозы директорының бұйрығы бойынша 1978 жылы қазан айында машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, ал 1979 жылғы  шілде айынан совхоздың бас инженері болып тағайындалды.

1988 жылдың қазан айында жалпы партия жиналысында Баянауыл совхозының партия ұйымына хатшы болып сайланды.

1990 жылдың 4 мамыры мен 2000 жылдың маусымы аралығында Алексеевка, қазіргі Құндыкөл совхозының директоры болып қызмет істеді.

2000 жылғы қазан айынан аудан әкімі жанындағы  табиғатты қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2003 жылы Баянауыл селолық округінің әкімі, 2004 жылғы наурыз айынан аудан әкімінің орынбасары, 2013 жылы 29 сәуір айынан БҰМТП директоры қызметіне тағайындалды.

Үйленген, алты баласы бар.

Ғылыми, экологиялық ағарту және туризм жөніндегі директор орынбасары Садықов Манарбек Назымбекұлы. Білімі жоғары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет мамандығы орман және орман бағы ісі.

Парк құрылым әкімшілігі төрт бөлімге бөлінеді.

Ғылым, экологиялық ағарту және туризм бөлімі.

Ғылыми бөлімнің мамандарымен парк аумағында 4 ғылыми жұмыс жүргізіледі.

  • Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи парктің табиғат жылнамасы.
  • Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің түгендеу.
  • Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өртке шалынған территориясындағы орман алқаптарының экологиялық жүйесін қалпына келтірүдің ғылыми негізін әзірлеү.
  • Жануар дүниесінің экологиялық мониторингі.

Ғылыми жұмыстар С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетпен бірлесіп қосымша тақырыптар бойынша жұмыстар жүргізеді, парктін аумағында келісім шарт бойынша жазғы айларында Павлодар мемлекеттік педагогиялық институтының студентері тәжирибе өтеді. Туризм мамандарымен 11туристік маршруттар үйымдастырылған. 2007жылы парктін 13 қызметкері гид-экскурсовод маманын оқып игеріп бітірді. Үш туристік фирмалармен келісім шарт жасалып, сол келісім шарт бойынша туристік маршрутарға қызмет көрсетуде. 2007жылы туристік маршрута халық саны 8101жеті. Оның ішінде жаяу маршруттарда 3550 және көлікті маршрутда 4551. Ғылыми, экологиялық ағарту және туризм бөлім мамандары экологиялық акциалар өткізеді «Екпінді саябақ», сенбіліктер. Мектеп орманшылықтарымен, оқушылармен демалушы туристермен және балалармен жергілікті турғындармен кездесу өткізіп ұгіт – насихат жұмыстарын жүргізеді жене де парк аумағында туристік маршруттарды тазалау, көркемдендіру жұмыстарымен жүргізіп Ерекше Қорғалатың Табиғи аумағында рекреациялық тежеуді анықтайды.

Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімі.

Жануарлармен, өсімдіктердін әлемін қорғау жұмысымен айналысады. Қазырғы кезде паркте өсімдіктердін 485 және жануарлардын 566 түрі мекендейді. Оның ішінде Қызыл кітапқа енгендер 5 өсімдік, 11 жануарлардын түрі енген. Өртке қарсы шаралар және биотехникалық жұмыстарын жүргізеді.

Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану бөлімі.

Орманды қорғау мен және өртенді жерлерді қалпына келтіру, тұқым бағында тұқым егу, өсіру жұмыстарымен айналысады.

Қаржы және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі.

Жылдық бюджеттің қаржылық жоспарын әзірлейді, еңбек пен еңбек төлеу, есептеу, талдау және пайдалану жөнінде бағдарламаны дайындау. Еңбек пен еңбек төлеу, есептеу, талдау және қадағалау, іс қағаздарын жүргізіп ұйымдастырып және оған қадағалау жасау.

Мемлекеттік инспекторлар - парктің аумағында қорғау жұмыстарын жүргізеді және жануарлар мен өсімдіктер әлемін бақылайды Қазіргі кезде ұлттық парктың 16 – мемлекеттік инспекторы Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжінде орман шебері мамандығы бойынша оқиды.

Баянауыл кәсіптік лицейде №27 -22 мемлекеттік инспекторы орман шебері мамандығы бойынша оқиды. Жоғарғы оқу орындарында – 7 парк мамандары оқиды.

Ұлттық парк 33 автокөлікпен, 50 радиоқабдылдағыш пен жабдықталған, барлық инспекторлар киім үлгілерімен қамтамасыз етілген.

Мекен жаймыз Павлодар облысы Баянауыл районы

Шонай ауылы Факс 871840 9-10-54. 9-15-60. 9-14-19 Baianzapovednik@yandex.ru