Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Виртуалды қабылдау бөлмесі
 

<< Артқа | Негізі Баян елінде туризмді дамытқан жөн сонда елдің әлеуметтік, экономикалық әлуеті артады. Негізі Баянауыл елінің экономикалық жағдайы мәз емес басқа аудандармен салыстырғанда. Жасыбай демалыс орнынан қыруар қаржы келтіру болады аудан бютжетіне қазырғы күнде ол олой болмай отыр ұстағанның қолында тістегеннің аузында кетіп жатыр. Аудан әкіміне бір өтініш Сәтбаев ауылымен Бабай ауылының арасындағы жолды тым болмаса жаңбыр жауып жер жібеген кезде қырып өтседе болар еді негізі келешекте сол жолды жөндеу қажет өйткені Қарағанды қаласынан Баян еліне демалысқа адамдар өте көп келеді. Баян елінің мерейінің асқаны бар баян елінең шыққан азаматтардың мерейі. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. (Асылхан Ермек)

Павлодар облыстық статистика департаментінің 2008 жылдың қаңтар-маусымдағы Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жинағына сәйкес қаржы емес секторы бойынша өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі 2007 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда Баянауыл ауданы бойынша 19,2 құрап, облыс бойынша ең жоғары көрсеткішке ие болды. Сондай-ақ күнкөріс деңгейінің облыс бойынша ең жоғары шамасы біздің ауданда қалыптасты-12393 теңге. 2008 жылдың тоқсанындағы халықтың ақшалай табысының орташа облыстық деңгейімен ара қатынасы аудан бойынша 76,3 құрап, облыс бойынша қалалардың әкімшіліктерін санамағанда 2-орынды иемденді. Баянауыл ауданының ауыл шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылады. 2008 жылдың қаңтар-маусымындағы мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өткізу көрсеткіштері мен мал басы саны көрсеткіші бойынша Баянауыл ауданы облыс көлемінде алдыңғы қатарда келеді. Туризм саласында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі басымды игеру объектісі болып табылады. Парк аймағында 28 мыңнан астам адамды қабылдай алатын 40 демалыс үйі орналасқан. Сонымен қатар балаларға арналған 2 демалыс үйі жұмыс істейді. Павлодар қаласының туристік фирмалары ұйымдастырған экскурсияларды парк қызметкерлері жүргізеді. Туристерге экологиялық туризм, атпен саяхат, тренингтер мен ғылыми туризм (ботаникалық, орнитологиялық, этимологиялық) ұсынылады. Парктің рекреационды туристік қызметі ең алдымен рекреационды аймақтарды қысқа мерзімді демалыс үшін абаттандыруға бағытталған. Бүгінгі таңда паркте 14 туристік маршрут, 3 оқу соқпақтары, 7 уақытша демалыс орындары, 2 туристік стационарлық кемпинг, 6 автотұрақ бар. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Республикалық маңызы бар Ерекше орғалатын табиғи аймаққа жатады. Парктің аумағында көрсетілген қызметтерден түскен қаржы парктің есеп шотына түседі, ал Ерекше қорғалатын табиғи аймақты пайдаланғаны үшін төленетін төлем ақылар республикалық бюджетке жіберіледі. Демалыс аймағының көрсеткен қызмет төлемдері сол демалыс үйлерінің иелеріне түседі.
 

Өте қуаныштымын ауданымыздың сайтына кіріп. Әрі қарай өркендеуіне тілектеспін. (Ибраева Роза Жумагалиевна)

Жастарды жұмысқа орналастыру бойынша қандай шаралар өткізіледі? Рахмет (Әсем)

Баянауыл ұлттық парк туралы материал керек. Қорғалған жұмыстар болса да? Жауап күтемін, алдын-ала алғысымды білдіремін! (Рахманова Камшат Бейсенбековна)

ӨТЕ ҚУАНЫШТЫМЫН АУДАНЫМЫЗДЫҢ САЙТЫНА КІРІП ӘРІ ҚАРАЙ ДАМУЫНА ТІЛЕКТЕСПІН. (Байгелов Асқар Ерсінұлы)

Негізі Баян елінде туризмді дамытқан жөн сонда елдің әлеуметтік, экономикалық әлуеті артады. Негізі Баянауыл елінің экономикалық жағдайы мәз емес басқа аудандармен салыстырғанда. Жасыбай демалыс орнынан қыруар қаржы келтіру болады аудан бютжетіне қазырғы күнде ол олой болмай отыр ұстағанның қолында тістегеннің аузында кетіп жатыр. Аудан әкіміне бір өтініш Сәтбаев ауылымен Бабай ауылының арасындағы жолды тым болмаса жаңбыр жауып жер жібеген кезде қырып өтседе болар еді негізі келешекте сол жолды жөндеу қажет өйткені Қарағанды қаласынан Баян еліне демалысқа адамдар өте көп келеді. Баян елінің мерейінің асқаны бар баян елінең шыққан азаматтардың мерейі. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. (Асылхан Ермек)

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркін ландшафты зерттеу жасалуда. Осы мәселе бойынша толығырақ айтсаңыз? (Шалабаева Ляззат)

Баянауыл селосы жолдары күрделі жөндеуді талап етеді, кімдер жауапты және не себептен осы халге жеткен? Аудан әкімі осыған неге көңіл бөлмей отыр? Рахмет. (Айбасов Еркін, Астана)

Майқайыңның архивін сұрауға болады ма? (Қаббас Абылай Болатбекұлы)

Бұлттары да сұлу өлкем, комьпютер ғасырының озық құсы Ақбеттің аясына ұзағынан қонғай! (Мустафина Ақлима)

Өткен жылы Баянауылда жас ақын-жазушылардың Республикалық Форумы ұйымдастырылған еді. Жақсы, сәтті өтті деп естідік. Сол шара биылғы жылы тағы ұйымдастырыла ма? Әлде дағдарыстың салдарынан тоқтап қала ма? Жалпы, мұндай шараның Баян жерінде өтуі, дәстүрлі болуы жақсы болар еді... Аудан әкімі бұған дейінгі шара секілді зор үлесін қосар деп ойлаймыз. (Асқарбек Жақып)

З.Ақышев атындағы мектеп өте суық, оны жөндеуден өткізу қарастырыла ма? (Болат)

Баянауылдағы Жаяу-Мұса атындағы балалар музыка мектебінде оқитын балаларға жеңілдіктер берілмейді.15 мамыр күні облыста өтетін Дельфий ойындарында бір категорияда 3 конкурсант қатысуға болады деген бұйрық болған,неліктен енді 13 мамырда бір конкурсант қатысады деп бұйрық келіп тұр.Бұны қалай түсінуге болады? Қаражат жетпей ме немесе оқушыларға сенімсізсіңдер ме?Балам келіп ренжіп жүр. Қаншама дайындығы босқа кетті.Бұл аудан үшін ұят нәрсе ғой. (Баласұғын)

Ауданның дамыу жөнінде қандай жоспарлар бар,Қарағанды-Баянауыл тас жолы қашан жөнделеді? (Закиров Қаршыға Төлегенұлы)

Елімнен алыс жүрсемде елдегі жаңалықтардан ақпарат алғым келеді, Баянауылдағы мектептің құрылысы не болды? (Закиров Қаршыға Төлегенұлы)

Баянауыл ауданында туризм саласын әліде қарқындырақ дамыту қажеттілігі бар сияқты. (Серікбай Дастан)

Басқа ауыл аймақтардағыдай Қ.Сәтбаев ауылы әкімі(әкімдігі) жайлы неге толық ақпарат жоқ? (Шалабаева Гульжамиля)

 

4844731
1994

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.