Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Виртуалды қабылдау бөлмесі
 

<< Артқа | Баянауыл ауданында туризм саласын әліде қарқындырақ дамыту қажеттілігі бар сияқты. (Серікбай Дастан)

Туризм саласында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі басымды игеру объектісі болып табылады. Жылдан жылға туризм саласы жоспарға сәйкес дамуда. Парк аймағында 28 мыңнан астам адамды қабылдай алатын 40 демалыс үйі орналасқан. Сонымен қатар балаларға арналған 2 демалыс үйі жұмыс істейді. Павлодар қаласының туристік фирмалары ұйымдастырған экскурсияларды парк қызметкерлері жүргізеді. Туристерге экологиялық туризм, атпен саяхат, тренингтер мен ғылыми туризм (ботаникалық, орнитологиялық, этимологиялық) ұсынылады. Бүгінгі таңда паркте 14 туристік маршрут, 3 оқу соқпақтары, 7 уақытша демалыс орындары, 2 туристік стационарлық кемпинг, 6 автотұрақ бар. Соңғы жылдары қызмет көрсету жұмыстары, оның ішінде туризм саласы дамуына байланысты демалушылар саны көбеюде: 2008 жылы 145000 адам демалса, 2009 жылы Жасыбай демалыс аймағында 150399 адам демалды.
 

Өте қуаныштымын ауданымыздың сайтына кіріп. Әрі қарай өркендеуіне тілектеспін. (Ибраева Роза Жумагалиевна)

Жастарды жұмысқа орналастыру бойынша қандай шаралар өткізіледі? Рахмет (Әсем)

Баянауыл ұлттық парк туралы материал керек. Қорғалған жұмыстар болса да? Жауап күтемін, алдын-ала алғысымды білдіремін! (Рахманова Камшат Бейсенбековна)

ӨТЕ ҚУАНЫШТЫМЫН АУДАНЫМЫЗДЫҢ САЙТЫНА КІРІП ӘРІ ҚАРАЙ ДАМУЫНА ТІЛЕКТЕСПІН. (Байгелов Асқар Ерсінұлы)

Негізі Баян елінде туризмді дамытқан жөн сонда елдің әлеуметтік, экономикалық әлуеті артады. Негізі Баянауыл елінің экономикалық жағдайы мәз емес басқа аудандармен салыстырғанда. Жасыбай демалыс орнынан қыруар қаржы келтіру болады аудан бютжетіне қазырғы күнде ол олой болмай отыр ұстағанның қолында тістегеннің аузында кетіп жатыр. Аудан әкіміне бір өтініш Сәтбаев ауылымен Бабай ауылының арасындағы жолды тым болмаса жаңбыр жауып жер жібеген кезде қырып өтседе болар еді негізі келешекте сол жолды жөндеу қажет өйткені Қарағанды қаласынан Баян еліне демалысқа адамдар өте көп келеді. Баян елінің мерейінің асқаны бар баян елінең шыққан азаматтардың мерейі. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. (Асылхан Ермек)

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркін ландшафты зерттеу жасалуда. Осы мәселе бойынша толығырақ айтсаңыз? (Шалабаева Ляззат)

Баянауыл селосы жолдары күрделі жөндеуді талап етеді, кімдер жауапты және не себептен осы халге жеткен? Аудан әкімі осыған неге көңіл бөлмей отыр? Рахмет. (Айбасов Еркін, Астана)

Майқайыңның архивін сұрауға болады ма? (Қаббас Абылай Болатбекұлы)

Бұлттары да сұлу өлкем, комьпютер ғасырының озық құсы Ақбеттің аясына ұзағынан қонғай! (Мустафина Ақлима)

Өткен жылы Баянауылда жас ақын-жазушылардың Республикалық Форумы ұйымдастырылған еді. Жақсы, сәтті өтті деп естідік. Сол шара биылғы жылы тағы ұйымдастырыла ма? Әлде дағдарыстың салдарынан тоқтап қала ма? Жалпы, мұндай шараның Баян жерінде өтуі, дәстүрлі болуы жақсы болар еді... Аудан әкімі бұған дейінгі шара секілді зор үлесін қосар деп ойлаймыз. (Асқарбек Жақып)

З.Ақышев атындағы мектеп өте суық, оны жөндеуден өткізу қарастырыла ма? (Болат)

Баянауылдағы Жаяу-Мұса атындағы балалар музыка мектебінде оқитын балаларға жеңілдіктер берілмейді.15 мамыр күні облыста өтетін Дельфий ойындарында бір категорияда 3 конкурсант қатысуға болады деген бұйрық болған,неліктен енді 13 мамырда бір конкурсант қатысады деп бұйрық келіп тұр.Бұны қалай түсінуге болады? Қаражат жетпей ме немесе оқушыларға сенімсізсіңдер ме?Балам келіп ренжіп жүр. Қаншама дайындығы босқа кетті.Бұл аудан үшін ұят нәрсе ғой. (Баласұғын)

Ауданның дамыу жөнінде қандай жоспарлар бар,Қарағанды-Баянауыл тас жолы қашан жөнделеді? (Закиров Қаршыға Төлегенұлы)

Елімнен алыс жүрсемде елдегі жаңалықтардан ақпарат алғым келеді, Баянауылдағы мектептің құрылысы не болды? (Закиров Қаршыға Төлегенұлы)

Баянауыл ауданында туризм саласын әліде қарқындырақ дамыту қажеттілігі бар сияқты. (Серікбай Дастан)

Басқа ауыл аймақтардағыдай Қ.Сәтбаев ауылы әкімі(әкімдігі) жайлы неге толық ақпарат жоқ? (Шалабаева Гульжамиля)

 

4904585
5077

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.