Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Виртуалды қабылдау бөлмесі
 

Бет 1 2 3 4

З.Ақышев атындағы мектеп өте суық, оны жөндеуден өткізу қарастырыла ма? (Болат)

Баянауылдағы Жаяу-Мұса атындағы балалар музыка мектебінде оқитын балаларға жеңілдіктер берілмейді.15 мамыр күні облыста өтетін Дельфий ойындарында бір категорияда 3 конкурсант қатысуға болады деген бұйрық болған,неліктен енді 13 мамырда бір конкурсант қатысады деп бұйрық келіп тұр.Бұны қалай түсінуге болады? Қаражат жетпей ме немесе оқушыларға сенімсізсіңдер ме?Балам келіп ренжіп жүр. Қаншама дайындығы босқа кетті.Бұл аудан үшін ұят нәрсе ғой. (Баласұғын)

Ауданның дамыу жөнінде қандай жоспарлар бар,Қарағанды-Баянауыл тас жолы қашан жөнделеді? (Закиров Қаршыға Төлегенұлы)

Елімнен алыс жүрсемде елдегі жаңалықтардан ақпарат алғым келеді, Баянауылдағы мектептің құрылысы не болды? (Закиров Қаршыға Төлегенұлы)

Баянауыл ауданында туризм саласын әліде қарқындырақ дамыту қажеттілігі бар сияқты. (Серікбай Дастан)

Басқа ауыл аймақтардағыдай Қ.Сәтбаев ауылы әкімі(әкімдігі) жайлы неге толық ақпарат жоқ? (Шалабаева Гульжамиля)

Сәлеметсіздерме?! Баянауылда жаңадан орталық емхана ашылды! Өте қуаныштымын!!! орталық емханаға сәтттілік тілеймін!!! (Смагулова Дария Бейбытовна)

Сәлеметсіздер ме?! мен осыдан бір жұма бұрын сіздерге хат жолдаған болатынмын сол хатқа жауапты таппай отырмын! күркелі ауылының дүкендерінің сөресіндегі қолдану мерзімі өтіп кеткен тауарлардың әлі де болсын қолданып жургені жөнінде және қатып қалған заттарды балаларға алдап сатып, тауар бағалары өте қымбат екенін айттқым келеді. аудан тауарларының бағасынан 2-3 есе қымбат. Не сонда ауылдықтар қала, аудан жұртынан көп еңбекақы тауып отырғаны ма? Жоқ керісінше кем болмаса артық болып жатқаны жок. Бұл түсініспеушілікті қарастыруыңызды сұраймын! сіздер осының бәрінен бейхабарсыздар соны неге келіп тексермеске қолдану мерзімі жарамсыз тауарларды дүкен сөрелерінен алғызып тастамасқа. Сіздерден жауап күтемін. РАХМЕТ! (ауыл тұрғыны Дария)

Мен Қаражар ауылының тұрғынымын. Біздің ауылда, жалпы Баянауыл ауданында жұмыссыз жүрген жастар өте көп! Жұмыс орынын ашу неге дұрыстап қолға алынбайды. Қанша әкім ауысса да осы мәселе шешілмейді. Ал, Баянауылда еңбек орынын әр сала бойынша ашу керк. Туризм, ауыл шаруашылығы, шағын өндіріс мекемелер жасауға болады ғой! (Аклима)

Баянауыл аудандық білім бөлімінде неге зейнеткерлер отыр (Айнура)

Сұрағыңызды нысанды толтырғаннан кейін қоя аласыз:

Тегі, аты, әкесінің аты.*:

Сұрақ*:

Суретте бейнеленген мәтінді енгізіңіз*:

 
 

4844724
1987

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.