Сайт бойынша іздеу
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

 

Баянауыл ауданы

әкімдігінің ресми сайты

Виртуалды қабылдау бөлмесі
 

Бет 1 2 3 4

Здравствуйте, сколько будет стоить аренда 1 кв метра на Жасыбае, и Баянауле? заранее спс! (Шарапатов Т.С.)

Құрметті Ернұр Нұрмұханұлы! Менің аты жөнім Шолпан Байғалықызы. Ақын, журналист.Көп жылдар теледидарда, газетте, облыстық әкімдікте қызмет жасадым. Қазір зейнет демалысындамын. Баянауыл ауданыны мәдени шаралар өткізуден кенде емес.Сіздерге атақты ақындар да, өнер адамдары да баруға, жылы жүзді кездесулер өткізуді армандайды.Өткізіп те жүр. Мен облысымызда қыздардан алғашқы айтыстарға шығып,ел намысын қорғаған жандардың жалғызымын. 7-8 кітаптарым жарық көрді. Өткен жылы "Сағым уақыт" деген кітабым жарық көрді. 2013 жылдың желтоқсан айында "Шаңырақ" мәдени орталығында облыс әкімінің қолдауымен мерейтойым өтті. Мені Баян жұртшылығы жақсы біледі. Егер мүмкіндік болса мәдениет үйінде кездесу өткізілсе. "Бұқар жырау" атындағы мұражай ұйымдастырар еді. Менің өлеңдерім орындалады.Концерт беріледі. Менің байланыс телефоным 87182328317,87770811368,87013716049. (Байғалы Шолпан Байғалықызы)

Жосалыға, Лекерге баратын жол жөнделеме, қашан, ақша бөлінді ме, неше шақырымы жөнделеді және қай жері? Аудандағы ең бір жаман жол. Бұдан бұрын ең кейінгі жөндеу жүргізгенде 2 шақырымдай асфальт сымақ салған болатын, жөндеуден кейінгі келесі жылы ол жерден асфальттың жұрнағы да қалмады. Сол жолды жөнделді деп қабылдағандар кімдер екен? (Акижаев Жұмагелді)

Жаңа әкім Нұрлан Мұқатайұлына қайырлы болсын айтып, жаңа қызметінде жеміс тілеймін. Елдің азаматы келгеніне қуаныштымын, қайткенмен жаны ашырлық білдіріп,кейінгі жылдары жүдеңкіреп қалған Баянауылымыздың дамуына оң үлесін қосады деп сенемін. Осы сайт үшін өте қуаныштымын, сұрағыма жауап бергендеріңіз үшін рахметімді айтамын.Барлық жерлестеріме жемісті қызмет, жақсылық тілеймін. (Акижаев Жұмагелді)

Маусым айының 20-ы күні Баян төрінде «Жас толқын -2015» атты игі шара өтті. Осы шараны ұйымдастырып отырған аудан әкімшіліг мен білім бөліміне ата-аналар атынан алғысымыз шексіз. Бұл тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шара болғанына қарамастан өте әсерлі әрі ұйымшылдықпен өткен кеш болды.жас түлектерге алдыңғы толқын аға-апалары Баян елінің құрметті азаматтары бата-тілектерін айтып, ақ жол тілеп жатқаны ,әнші қызымыз Роза Мұқатаева мен жергілікті әнші қыз-жігіттердің әуелі әні ерекше сый болды. Өз басым баламның халық алдына шығып, он бір жыл білім алған білімінің қорытынды аттестатын алғанда ерекше сезімге бөлендім. Сондықтан осындай шараны ұйымдастырушыларға табыс тілей отыра, Баян төрінде еліміздің көк байрағы желбіреп, түлектеріміз еліміздің дамуына өз үлестерін қосады деп сенеміз. (А.С.Жуманова.)

Құрметті блог пайдаланушылары!

Сұрағыңызды нысанды толтырғаннан кейін қоя аласыз:

Тегі, аты, әкесінің аты.*:

Сұрақ*:

Суретте бейнеленген мәтінді енгізіңіз*:

 
 

4886327
598

"Баянауыл ауданы әкімнің аппараты" © ММ, 2008 ж.